Жалпы ережелер

Жалпы ережелер

Осы Хакатон туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) хакатонды (бұдан әрі –Хакатон) ұйымдастыруды және өткізуді регламенттейді.

Атауы – бұл технологиялық шешімдерді іздеуге және қалыптастыруға арналған хакатон. Хакатон екі басым тақырыптық салада өткізіледі:

  • Азаматтардың цифрлық қолжетімділігін және қатысуын кеңейту
  • Цифрлық дағдылар: Интернеттегі қауіпсіздік және медиа сауаттылық

Өтінімдерді іріктеу кезінде ұсынылған шешімдер әртүрлі деректерді (статистика, Open Data, Big Data) жинауға және талдауға қаншалықты негізделгеніне ерекше назар аударылады, сондай-ақ азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі мен шешім қабылдауға қатысуы, мемлекет жұмысының ашықтығы мен тиімділігі, киберқауіпсіздік, жекешеліліктің құпиялылығы мен дербес деректерді қорғау жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Шешімдердің прототиптері жаңа технология (бағдарламалық немесе мобильді қосымша, ИТ-шешімдері), жаңа әлеуметтік жоба (эдвокаси кампаниялары, медиа және білім беру кампаниялары), жаңа бизнес-идея түрінде ұсынылуы немесе осы нысандардың бірнешеуін біріктіруі мүмкін.

Хакатонның мақсаты – инновациялық идеяларды азаматтардың мемлекеттің цифрлық өзгеруіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік шешімдерге айналдыру.

Хакатонның ресми сайты Интернетте https://digitalcitizenship.kz мекенжайы бойынша орналасқан ақпараттық ресурс және хакатонмен тікелей байланысты тиісті ақпаратты жариялауға арналған.

Осы Ереже шеңберінде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  • Өтінім – Қатысушының немесе команданың идеяны сипаттайтын және осы Ережеде анықталған бағалау талаптарына/критерийлеріне сәйкес келетін тұжырымдалған ұсынысы.
  • Қазылар алқасы – осы Ережеде белгіленген нәтижелерді бағалау критерийлеріне сәйкес оның жеңімпаздарын анықтайтын хакатонды Ұйымдастырушы тағайындайтын сарапшылардан тұратын алқалық орган.
  • Хакатон Ұйымдастырушысы – КШТТО (Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы) және ҚЖАҚ (Қазақтан жастар ақпараттық қызметі).
  • Қатысушы – 18 жасқа толған, идеяны жүзеге асыруды ұсынған және Ереженің талаптарына сәйкес тіркелген қабілетті жеке тұлға. Әр Қатысушы тек бір команданың мүшесі бола алады. Ұйымдастырушы ретінде хакатонды дайындауға және өткізуге қатысатын тұлғалар, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері хакатонның Қатысушысы бола алмайды
  • Команда – ұсынылған идеяның тәжірибелік шешімін әзірлеу мүддесінде біріккен және әрекет ететін Қатысушылар тобы. Бір командадағы Қатысушылар саны 3-5 адамнан аспау керек. Қатысушы Командалардың саны шектеулі. Командаларды Ұйымдастырушы олардың хакатондық негіздегі өтінімдері арқылы іріктейді. Команда капитаны – команданың барлық мүшелерінің атынан өтініш беретін және команданы тіркеуді жүзеге асыратын команда мүшесінің бірі.
  • Менторлар – Хакатон кезінде Қатысушыларға/Командаларға қажетті кеңес ұсынатын, Ұйымдастырушы тағайындайтын сарапшылар.
  • Жеңімпаз – Қазылар алқасының шешіміне сәйкес бірінші орын алған Команда. Ұйымдастырушының және/немесе Хакатонның қазылар алқасының қалауы бойынша бірнеше Жеңімпаз анықталуы мүмкін, олардың арасында Хакатонның жүлде қоры бөлінеді.

Хакатон өткізілетін күндер

Өтінім қабылдау дедлайны – 18 қыркүйек

Хакатонға Қатысушыларды іріктеу – 22 қыркүйек

Хакатон өткізу күндері – 28-30 қыркүйек

Таныстырылым және Қатысушыларды BootCamp іріктеу – 1 қазан

BootCamp өткізу – 12-15 қазан

Қазылар алқасы алдындағы таныстырылым және жеңімпаздарды іріктеу –

16 қазан.

Хакатонға тіркеу және қатысу тәртібі

Командаларды тіркеу Ереженің 2-бөлімінде көрсетілген мерзімде https://digitalcitizenship.kz іс-шара сайтында Өтінімнің электрондық нысанын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімнің электрондық нысанын толтыру кезінде Қатысушы немесе Команда капитаны Хакатонға қатысу үшін тіркелуі және мынадай ақпаратты көрсетуі тиіс: әрбір Қатысушының аты; егер өтінімді Команда берсе – Команданың әрбір Қатысушысының рөлі (әзірлеуші, дизайнер, бизнес-талдаушы, заңгер, сәулетші және басқа), электрондық поштаның мекенжайы (электрондық пошта); байланыс телефоны; Ереженің 1.2-тармағында көрсетілген шешімді әзірлеу үшін таңдалған бағыт.

Өтінім беру және Қатысушыларды/Командаларды тіркеу Хакатонның талаптарымен, осы Ережемен және онда көрсетілген шарттармен сөзсіз келісуді (акцепт) білдіреді.

Өтінімге қойылатын талаптарда түсініксіздік болған жағдайда Қатысушы Ұйымдастырушының электрондық поштасының мекенжайына немесе сайтта көрсетілген телефонға тиісті мәселені жіберу арқылы өтінім беру аяқталатын күнге дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұйымдастырушыға хабарласуы тиіс. Ұйымдастырушы кейбір сұрақтарға жауап бермеуге құқылы. Ұйымдастырушы қойылған сұрақтарға сұрақтар мен жауаптарды (сұрақ қойған адамды көрсетпей) көпшілік алдында, атап айтқанда, осы Ереженің 3.1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша, Интернет желісіндегі Ұйымдастырушының сайттарында, әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға құқылы.

Ұйымдастырушы жеке Қатысушылар мен Командалардың өтінімдерінің дұрыс толтырылуын тексеруді жүзеге асырады. Қажеттілікке қарай, шешім қабылдау үшін Командадағы ең аз қажетті құзыреттілік жиынтығын ескере отырып, Командаларды жеке Қатысушылармен толықтырады.

Ұйымдастырушы Ереженің талаптарына, сондай-ақ өтінімге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді қарамайды. Тіркеліп, Қатысушы Хакатон Ұйымдастырушысының Өтініш беру нысанында көрсетілген және/немесе Хакатонды өткізу шеңберінде Ұйымдастырушыға өзге де түрде ұсынылған оның дербес деректерін өңдеуге, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген іс-әрекеттерді кез келген тәсілдермен жасауға келісім береді. Келісім Хакатонға қатысу, жүлде алу, сондай-ақ Қатысушыларды Ұйымдастырушының өзге де іс-шараларды өткізуі туралы хабардар ету мақсатында беріледі. Қатысушы берген келісім 3 (үш) жыл бойы күшінде болады. Жеке деректерді өңдеуге келісім ешқандай ескертпелер немесе ескертулер немесе шектеулерсіз Ұйымдастырушыға ұсынылады.

Қатысушы мұндай келісімді бере отырып, ол өз еркімен және мүддесімен әрекет ететіндігін растайды, жеке деректерді өңдеуге келісім нақты, ақпараттандырылған және саналы болып табылады.
Команданы Команда капитаны тіркеген жағдайда, команда Қатысушыларының Хакатонға қатысу мақсатында Ұйымдастырушыға дербес деректерді беруге келісімін алу міндеті және басқа Қатысушылардың дербес деректерінің заңдылығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік басқа Қатысушылардың дербес деректерін беретін (өтінімде көрсетілген) Команда капитанына жүктеледі.

Қатысушылардың дербес деректерін команда Капитанынан алған Ұйымдастырушы дербес деректері оған берілген Қатысушыларды (оның ішінде басқа Қатысушылардың атынан өтінім беретін Команда капитаны) дербес деректерді өңдеу туралы хабардар ету бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды; бұл туралы хабардар ету міндеті Команда капитанына (Ұйымдастырушыға дербес деректерді беретін Тарапқа) жүктеледі.

Хакатонға Қатысушылардың жеке деректеріне қатысты құқықтары, сондай-ақ Ұйымдастырушының жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге қатысты ережелері Қатысушылар танысуға, оның ішінде өтінімнің электрондық нысанын толтыру кезінде танысуға міндетті сайтта орналастырылған Құпиялылық саясатында көрсетілген.

Барлық ақпаратты Қатысушы өз қалауы бойынша, өз еркімен, дербес және тек Хакатонға қатысу мақсатында ұсынады. Ұйымдастырушы көрсетілген ақпараттың дұрыстығына талаптар қоймайды, көрсетілген дербес ақпаратты салыстырып тексеруді жүзеге асырмайды. Тиісінше, Ұйымдастырушы Қатысушының — жеке деректер субъектісінің өзі көпшілікке қолжетімді қылған Қатысушының жеке деректерін ғана пайдаланады: яғни Қатысушының өзі немесе оның өтініші бойынша берілген адамдардың шектеусіз шеңберіне қол жеткізіледі.

Егер ол Хакатонның ресми сайтында орналастырылған іріктелген Командалар/Қатысушылар тізімінде болса, Команда/Қатысушы тіркелген және Хакатонға қатысуға құқығы бар болып саналады.

Хакатонды өткізу кезінде Командада / Қатысушыда шешімдерді іске асыру үшін қажетті керек-жарақтар болуы тиіс: дербес ноутбук, зарядтау құрылғысы және жұмысқа қажетті басқа да жабдықтар.

Хакатон өткізу тәртібі

Хакатон үш кезеңмен өткізіледі:

  • 1-кезең – Өтінімдерді іріктеу және оларды пысықтау
  • 2-кезең – «Online Хакатон»
  • 3-кезең – «Online Boot camp»

Қазылар алқасы Хакатон финалистерін Командалардың өтінімдерін бағалау критерийлеріне сәйкес таңдайды.

Қазылар алқасы 3-кезеңге шыққан Хакатонның финалист-Командаларының тізімін анықтап, оны Ұйымдастырушыға береді.

Хакатонды өткізу кезеңінде Қатысушылар/Командалар үшін онлайн-сессиялардың кестесін, финалистерді жариялау күні мен уақытын Ұйымдастырушы Хакатонды өткізу кезінде жариялайды.

Үш күндік Хакатоннан кейін Командалар қазылар алқасының алдында өз жобаларын онлайн режимінде ұсынады.

Іріктеліп алынған Командалар Хакатонның үшінші кезеңіне – Boot Camp өтеді, онда Командалар өз идеяларын менторлармен пысықтап, жобаны қазылар алқасының алдына қорытынды таныстырылымға жеткізеді. Онда жеңімпаздар анықталады.

Бағалау критерийлері

Хакатонның 1-кезеңінің қорытындысын қазылар алқасы келесі критерийлердің жиынтығы бойынша Командалардың таныстырылымдарын бағалау негізінде шығарады:

* Жобаның/шешімнің идеясы: іске асырылуы, пайдалылығы (әлеуметтік маңыздылығы – нақты кім үшін), пысықталуы; мақсаттың/нәтиженің айқындығы; инновациялылығы; қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді перспективадағы ықтимал әсері; жүзеге асырылуы (іске асырылуы); тәуекелдерді бағалау; операциялық талаптарға қойылатын талаптар (идеяны техникалық прототипке немесе жоба нәтижесіне айналдыру үшін қандай бастапқы деректер қажет); жобаның негізінде неғұрлым бірегей идея жатса, бағалау да жоғарылау болады.

* Техникалық шешімді әзірлеген жағдайда: виртуалды ортада презентация жасау үшін жұмыс істейтін және іске қосылатын прототипті құру, интерфейстер мен минималды дизайн әзірленуі тиіс; тәсілдің орындылығын, негізділігін және тәжірибелілігін көрсету; жоба неғұрлым толық, технологиялық, логикалық және эстетикалық жағынан тартымды болса, қызмет көрсету неғұрлым тұрақты болса, бағалау да жоғары болады.

* Эдвокаси/білім беру/медиа кампаниясын әзірлеген жағдайда: үдерісті, жұмыс жоспарын/жобасын құру/өндіру, оған іске асыру кезеңдері, барлық Қатысушылардың рөлдері мен қызметін сипаттау; негізгі мақсаттары, аудиторияны және қызмет түрлерін анықтаудан басқа, күтілетін негізгі нәтижелер кіруі тиіс; ұсынылған шешім пайдалы, ыңғайлы болған сайын, ол пайдаланушының қажеттіліктерін неғұрлым жақсы қанағаттандырса, шешім неғұрлым түсінікті және өзін-өзі қамтамасыз ететін болса, бағалау да жоғары болады.

* Бизнес-идея әзірленген жағдайда: жобаның бизнес-жоспарын құру, бизнес-жобаның орнықтылығы (өтелімділігін қоса алғанда) және іске асырылуы, оның жаңалығы және нарық үшін бизнес-құндылығы, ұсынылатын шешімнің таңдалған міндетті шешу үшін (1.2-тармақта көрсетілген) нарыққа елеулі әсер ету қабілеті. Ұсынылған шешім неғұрлым әлеуетті коммерциялық құндылыққа ие болса, бағалау да  жоғары болады.

* Жобаны қорғау (тұсаукесер): таныстырылым материалдың толықтығы және тақырыпты ашуы, көпшілік алдында сөйлеудің сапасы.

5.1-тармақта аталған критерийлердің әрқайсысы үшін қазылар алқасының әр мүшесі 0-ден 10-ға дейінгі шкаласы бойынша ұпай береді (мұнда 0 – ең төменгі ұпай, 10 – ең жоғары баға). Бонустық ұпайлар таныстырылымның тиімділігі мен төрешілердің сұрақтарына жауаптардағы артықшылығы үшін қосылады. Берілген ұпайлар көрсетілген критерийлер бойынша әр команда үшін жинақталады.

Қазылар алқасы финалист-Командаларын іріктеуді дауыс беру арқылы жүзеге асырады.

Ең көп ұпай жинаған Командалар Хакатонның 1-кезеңінің финалистері деп жарияланады. Ұйымдастырушылар 2-кезеңге өту үшін қосымша Командаларды және/немесе ұсыныстар идеяларын ұсынуға құқылы.

Хакатонды қорытындылау

Қазылар алқасы 1-кезеңді қорытындылап, Boot Camp 2-кезеңіне өтетін Хакатон финалистерін таңдайды. Финалистердің тізімі Хакатонды Ұйымдастырушыға беріледі, ол оны Командаларға жариялайды.

«Online BootCamp» 2-кезеңінде өнер көрсеткен Командалардың таныстырылымдарының нәтижелері бойынша қазылар алқасы Хакатонның жеңімпазын және 2- және 3- орын алған Командаларды таңдайды. Хакатон жеңімпазы Ережеде белгіленген ақшалай сыйлық алады.

Қазылар алқасының Хакатонның 2-кезеңінің шешімін Ұйымдастырушы жариялайды. Ұйымдастырушы Жеңімпазды Хакатонның қорытындылары туралы Ұйымдастырушыға қолжетімді кез келген тәсілмен хабардар етуге құқылы.

Хакатонның жүлде қорының жалпы сомасы ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша 20 000 000 теңгені құрайды. Хакатонды Ұйымдастырушының және/немесе Қазылар алқасының қалауы бойынша соманы азайтуға және/немесе бірнеше Командалар арасында бөлуге болады. Жеңімпаз Командалардың сыйақы мөлшерін анықтау Хакатонды Ұйымдастырушының және/немесе Қазылар алқасының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Жүлделі орындарға ие болған Командаларға Хакатонның ақшалай сыйлығын алуға сертификат беріледі. Жүлде қоры Ұйымдастырушымен бірлесіп Жеңімпаз әзірлеген жоспарға/кестеге сәйкес беріледі/таратылады.

 

Қорытынды ережелер

Ұйымдастырушы осы Ережеге, оның ішінде Хакатонды өткізу шарттары мен тәртібіне және өтінімдерге қойылатын өзге де талаптарға өзгерістер енгізуге құқылы болады. Өзгерістер Хакатонның ресми сайтында жарияланған сәттен бастап Қатысушылар үшін тиісті өзгерістер міндетті болып табылады.

Хакатон барысында ұсынылған материалдарға (өтінімдерге) авторлық және сабақтас құқықтар Хакатон Қатысушыларына тиесілі болады. Ұйымдастырушы хакатондық жұмыстардың (шешімдердің, өтінімдердің) сипаттамасын жасауға, редакциялауға және жариялауға, оның ішінде хакатондық жұмыстардың (шешімдердің, өтінімдердің) сипаттамасын редакциялауға және жариялауға құқықты авторларды хабардар етпей, үшінші тұлғаларға беруге құқылы. Қатысушылар өтінімдердің мазмұнын пайдалану мен тарату, жалпы жұрттың назарына жеткізу Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы заңнамасын бұзбайтынына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы заңнамасын бұзбайды. Ұйымдастырушы авторларды ескертусіз хакатондық жұмыстардың сипаттамаларын жасауға, редакциялауға және жариялауға құқылы.

Ұйымдастырушы Қатысушыларды жеңімпаз деп тануға негіз болған хакатондық материалдарды (шешімдерді, өтінімдерді), сондай-ақ тиісті Қатысушы ұсынған өзге де ақпаратты/материалдарды маркетингтік, жарнамалық және ақпараттық мақсаттарда пайдалануға, оның ішінде тиісті логотиптерді, тауар белгілерін, өзге де ақпаратты, оның ішінде көрсетілген объектілерді Ұйымдастырушының логотиптерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың жарнамалық/ақпараттық мәтіндерімен, логотиптерімен үйлестіре пайдалануға, орналастыруға, атап өтуге құқылы.

Қатысушы тиісті объектілерді пайдалану үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына кепілдік береді, объектілерді автордың атын көрсетпей пайдалануға болады.

Осы Ережемен реттелмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алған жөн.

Хакатонды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.